Kazmuz Махаббат Деген Қандайды Скачать
Текст песни
Махаббат деген қандайды,
Қарасаң көзің талмайды,
Сағынған жанға жете алмай,
Қаншама гүлдер, қаншама гүлдер сарғайды.
Ғашықсыз өмір, өмір ме,
Егілме жаным егілме,
Көктегі күнге қол созған,
Недерсің мынау недерсің мынау көңілге!?
Күлерсің дағы жыларсың,
Жыларсың дағы шыдарсың,
Жазылмас дерттің дауасын,
Жаным-ау кімнен, жаным-ау кімнен сұрарсың?!
Махаббат өмір ғажабы,
Ал қызыл гүлдей ажары.
"Сүйемін" деген жалғы сөз,
Жүректі тербеп, жаныңды емдеп жазады.
Ғашықсыз өмір, өмір ме,
Егілме жаным егілме,
Көктегі күлге қол созған,
Недерсің мынау недерсің мынау көңілге!?
Күлерсің дағы жыларсың,
Жыларсың дағы шыдарсың,
Жазылмас дерттің дауасын,
Жаным-ау кімнен, жаным-ау кімнен сұрарсың?!
Махаббат мәңгі ертегi,
Көңілдің күйін шертеді,
Ертіп бір жүрсең шіркін-ай,
Еліктей сұлу еліктей сұлу еркені.
Ғашықсыз өмір, өмір ме,
Егілме жаным егілме,
Көктегі күнге қол созған,
Недерсің мынау недерсің мынау көңілге?!
Күлерсің дағы жыларсың,
Жыларсың дағы шыдарсың,
Жазылмас дерттің дауасын,
Жаным-ау кімнен,жаным-ау кімнен сұрарсың?!